14.02.2024, 10:49
Жаңалықтар
Рудныйда байланыс операторларына 10 млн теңге айыппұл салынды
Сондай-ақ оларға заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді
Фото: gov.kz
Рудный қаласының прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала көшелерінде 3G/4G технологияларында интернетке қол жеткізу сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторлары жалпы сомасы 10 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұлдарға тартылды, сондай-ақ олардың атына заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді.
«Нұсқамаларды орындау қорытындысы бойынша мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатты, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқықтары қорғалды», - делінген рокуратура хабарламасында.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
20.10.2026, 15:55
Бір қария ауыр хәлде: Солтүстік Қазақстан облысында екі ер адам қоқыстан тауып алған сұйықтықты ішіп, қаза тапты
20.10.2026, 09:59
Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевке көңіл айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды