«124 млрд теңгенің жобасы»: Алматы әкімдігі ірі инвесторлардың табиғи газға қосылуына кедергі жасаған
Басқарма бастығының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Алматы қаласының прокуратурасының фронт-офисі аумағында өткізілген кездесулер барысында 1,5 жыл бойы инвесторлардың газбен жабдықтау желілеріне қосыла алмағаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алматы қаласының прокуратурасының мәліметінше, 2022 жылы Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасымен индустриялық аймақта газбен жабдықтау үшін магистральдық инженерлік-көліктік желілерінің құрылысын жүргізген, оған бірқатар инвесторларды қосу жоспарланған.
Бірақ әкімдік нысанның «ҚазТрансГазАймақ» АҚ теңгеріміне берілмегеніне сілтеме жасай отырып, газбен жабдықтау желілеріне қосудан бас тартқан.
Аталған жағдай бойынша жүргізілген талдау нәтижесімен прокуратура қадағалау актісін енгізді, қарау нәтижесі бойынша аталған магистральға 124 млрд теңгеден астам соммада инвестициялық жобаны іске асырудағы, 3314 жұмыс орнын құрайтын 26 инвестор қосылды, сонымен бірге, заңнама талаптарының бұзылуына жол бергені үшін басқарма бастығының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.