Экс-депутат Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды
Ол 2019 жылы Назарбаевқа ескерткіш орнату туралы ұсыныс айтып танымал болды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Мәди Ахметов облыстық жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл жайлы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәди Ахметов әр жылдары «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Халықаралық бизнес университетінің Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты лауазымдарын, Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында штаттан тыс кеңесшісі ретінде қызмет атқарған.