30.11.2023, 20:22
Жаңалықтар
Қостанайда кран құлап, 49 жастағы ер адам мерт болды
Кранның құлау себебі анықталып жатыр
Фото: elements.envato.com
Бүгін, 30 қараша сағат 12:50 кезінде Қостанайда көліктің үстіне кран құлады. Бұл туралы Қостанай облысының полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құлаған кран кабинасында 49 жастағы ер адам болған. Ер адам алған жарақатынан қаза тапты. Тағы екі көлік зақымданды.
«Адам өліміне әкеп соққан оқиға бойынша ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігінде көзделген «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиға орнында барлық тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Кранның құлау себебі анықталып жатыр. Тергеу барысында басқа мәліметтер жария етілмейді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
23.10.2026, 15:58
«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)
23.10.2026, 10:47
Балқаштың жерін тас-талқан етіп қазып тастаған жігіт ұзақ жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)
23.10.2026, 16:16
«Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО)
23.10.2026, 09:39
«Бүгінге дейін 20 үй алатын ақшам болған шығар»: танымал актер мүшкіл жағдайын еске түсіріп, жылап қалған (ВИДЕО)
23.10.2026, 12:45
18 градус суық: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы суытып, қар жауады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды