22.11.2023, 18:29
Жаңалықтар
Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады
Тоқаев «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы криминогендік жағдай туралы баяндалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ержан Сәденов өз баяндамасында ІІМ атқарған бірқатар жұмысына тоқталды:
- елімізде жасалатын қылмыстар санының төмендеу динамикасы сақталып отыр. Кісі өлтіру 20 пайызға, ұрлық 28 пайызға, қарақшылық 32 пайызға азайғанын айтты;
- тонау, бұзақылық, мал ұрлығы, денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері, сондай-ақ басқа да қылмыс түрлері төмендегенін баяндады;
- құқықбұзушылыққа мүлде төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, заңға қайшы әрекеттер мен қылмыс жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығын іске асыру, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары туралы мәлімет берді: Бүгінде 8 миллион 500 мың заңға қайшы әрекет анықталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллионға көп. Жасалған құқықбұзушылықтар үшін 90 миллиард теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, 71 миллиард теңге өндіріп алынды;
- ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіру, соның ішінде ІІО қызметкерлерін аттестациядан өткізіп, ведомствоны лайықсыз мамандардан тазарту шаралары туралы баяндады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Мемлекет басшысы қоғамда әділдік пен тәртіп орнату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелгенін айтты.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 16:16
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әкелерге декреттік төлем мүлде төленбейтін болды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды