$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Италияда мигранттарды қабылдау орталығындағы жарылыстан 30 адам зардап шекті

Зардап шеккендердің арасында кәмелетке толмағандар бар

Италияда мигранттарды қабылдау орталығындағы жарылыстан 30 адам зардап шекті
Фото: LaPresse

Италияның Лацио аймағындағы Сан-Лоренцо-Нуово қаласында мигранттарды уақытша қабылдау орталығында жарылыс болып, кем дегенде 30 адам жарақат алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Rai News 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін түнде жергілікті уақыт бойынша 01:00-де Витербо ауданындағы Сан-Лоренцо Нуоводағы мигранттарды қабылдау орталығында үлкен жарылыс болды. 30 адам жарақат алды, кейбіреулері ауыр жағдайда, бір адам комада жатыр», - делінген хабарламада.

Зардап шеккендердің арасында кәмелетке толмағандар бар. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.

Жарылыстың себебі әлі белгісіз, полиция тергеуді бастады. Сан-Лоренцо-Нуово мэрі Массимо Бамбини айтқандай, жарылыстың ықтимал себебі газдың ағуы болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары