«Қарағандылық кеншілермен біргеміз!»: Президент желіде видео жариялады
Костенко шахтасындағы апаттан 36 кенші қаза тапты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоның астына «Қарағандылық кеншілермен біргеміз!» деген жазба қалдырылған.
Естеріңізге сала кетейік, кеше «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарасты Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қазіргі уақытта 36 адамның денесі табылды, 10 кеншіні іздеу жалғасуда.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтты. Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртаумен» инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Президент Вадим Басинге АМТ-ны басқару міндетін жүктеді.
Костенко атындағы шахтадағы ТЖ фактісі бойынша Бас прокуратура қылмыстық тергеуді бастады.