«Тиісті органдар бар»: Бас прокуратура Әлия Назарбаеваны қылмыстық жауапқа тарту туралы

Azattyq Rýhy

«ӨКМ операторының» түпкі бенефициары Әлия Назарбаева екені айтылған болатын

«Тиісті органдар бар»: Бас прокуратура Әлия Назарбаеваны қылмыстық жауапқа тарту туралы
Фото: respublika.kz.media

ҚР Бас Прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев «ӨКМ операторының» ісі бойынша Әлия Назарбаева туралы тілшілер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бізге ешқандай өтініш келіп түскен жоқ. Егер қылмыс құрамы болса, қандай да бір ақпарат болса, тиісті органдар қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдауы керек. Бізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бар, Экономикалық тергеу қызметі, Ішкі істер министрлігі сияқты ондай бірнеше орган бар. Егер қандай да бір дәлелдер болса, олар шешім қабылдауы тиіс. Әзірге менде ондай ақпарат жоқ», - деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев.

Еске салайық, бұған дейін «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің көшпелі отырысында Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «ӨКМ операторының» түпкі бенефициары Әлия Назарбаева екенін айтқан болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.