Қазақстанда жемқорлар тізілімі жалпыға қолжетімді болады

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті

Қазақстанда жемқорлар тізілімі жалпыға қолжетімді болады
Коллаж: Azattyq Ruhy

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлардың жария тізілімін енгізуді жоспарлап отыр. Тізілімде жемқорлық үшін сотталған адамның барлық деректері қамтылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл жұмыс берушілерге әлеуетті үміткерді тазалық пен адалдыққа тексеруге мүмкіндік береді. Жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалар Шығыс Қазақстан облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды.

«Жемқорлық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды. Сондай-ақ Парламентте пара беру уәдесі мен ұсынысын криминализациялау мәселесі қаралуда», - делінген хабарламада.

Пара беру ұсынысы деп ауызша немесе жазбаша, оның ішінде электрондық нысанда пара беру туралы анық және түсінікті сөз, ал пара беру уәдесі деп пара беру уақыты, орны, тәсілі туралы хабарламасы бар осындай сөз түсінілетін болады.

Заңдарға енгізілген бұл өзгерістер жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне елеулі үлес қосады. Сонымен қатар, олар ГРЕКО, ЭЫДҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдардың ұсынысы бойынша дайындалған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.