$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жүректің үш тамыры да бітелген»: алматылық хирургтер әйел адамды аман алып қалды

Науқас Алматы кардиологиялық орталығына шұғыл түрде жеткізілген

«Жүректің үш тамыры да бітелген»: алматылық хирургтер әйел адамды аман алып қалды

Алматылық рентген-хирургтер әйелді миокард инфарктісінен құтқарып қалды. Жүректің тоқтауына әкелетін бұл дерттің  салдарын болжау мүмкін емес, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

11 қыркүйекте шұғыл түрде Алматы кардиологиялық орталығына жүрек ауруы бар әйел жеткізілді. Барлық диагностикалық тексеру дереу жүргізілді.  

Науқастың өзі айтқандай, 7 қыркүйектен бастап ол жүрегінде ауырсыну барын сезінгенмен, оған айрықша мән бермеген.Тек 11 қыркүйекте ауырсынуға шыдамаған әйел жедел жәрдем шақырған.

«Науқастың тропонинге қан скринингі оң нәтиже берді - 0,99 нг/мл, әдетте ол 0,04% болуы керек. Бұл шамамен 20 есе көп көрсеткіш. Миокард инфарктісінің болуын көрсететін қандағы осы тропониннің жоғарылағанын білдіреді. Сонымен қатар коронарография жүргізілді, онда жүректің барлық үш тамырының зақымданғаны анықталды, олардың біреуі 99%-ға бітеліп қалған. Егер тағы біраз уақыт өтсе, ол 100%-ға жетіп, миокард инфарктісіне әкелетін еді. Біз стенттеу жұмыстарын жүргіздік. Бұл шағын инвазивті хирургия, кеуде қуысы кесілмейді. Үш минуттың ішінде қанға тола бастаған артерияны аштық», - дейді рентгенхирургия бөлімшесінің меңгерушісі Оразбек Сахов.

Оның айтуынша, адамның жүрегінде үш қан тамыры бар. Науқаста соның үшеуі де бітеліп қалған. Біреуі 99%-ға, екіншісі 80%-ға және үшіншісі 50%-ға зақымдалған болып шықты.

Оразбек Сахов атап өткендей, қалған екі қан тамырға біртіндеп ота жасау керек, барлық қан тамырды бір уақытта ашу мүмкін емес, өйткені бұл науқас үшін үлкен жүктеме.

«Біз қазір инфарктімен байланысты артерияны ашып, қан ағымын қалпына келтірдік, осы кезеңде отаны тоқтатқан жөн, өйткені егер басқа артерияларды ашуға тырыссақ, онда миокард инфарктісінің жаңа аймағында асқыну пайда болуы мүмкін. Тек 2-3 айдан кейін басқа жүрек-қан тамырларына ота жасауға болады. Қазір науқас өзін жақсы сезінеді. Бірінші операция сәтті өтті», - деді дәрігер.

Серіктес жаңалықтары