«BIR TOLQYNDA» диалог алаңында жастар Президент Жолдауын талқылады
Жолдаудың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмысын жақсарту
Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, насихаттау мақсатында «BIR TOLQYNDA» диалог алаңында жастармен жүздесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«BIR TOLQYNDA» диалог алаңында Алматы қаласының Мәслихат депутаттары – Есматов Серік, Ерлан Диана, «Қазақстан» КВН Одағы РЖҚБ Алматы КВН филиалының директоры Кулымбетов Оңдасын және Алматы қаласы «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Кенесов Акежан сөз сөйледі.
Жолдауда елімізді дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық басым бағыттардың айқындалғаны оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі, туризм, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, жасыл экономика, цифрландыру және басқа да салаларға қатысты жүзеге асырылатын міндеттердің нақты айтылғандығы жайында түсіндірме талқылау жұмыстары жүргізілді.
Жолдаудың ең басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмысын жақсарту.
Жастар тарапынан спикерлерге ұсыныстар мен сұрақтар қойылып, өз ойларын жеткізді.
Бұл шараны Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Еуразиялық бейбітшілік пен келісім» жеке мекемесі және «Жастар рухы» Жастар қанаты бірлесе отырып ұйымдастырды.
Шарада жастардың ұлттық мәселелерді талқылаудағы және Қазақстанның дамуына көмектесудегі белсенді рөлінің маңыздылығы атап өтілді. Мұндай бастамалар еліміздің неғұрлым әділ әрі гүлденген болашағын құруға ықпал етеді деп сенеміз.