$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері УҰИ-ға қамалды

Олардың ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері УҰИ-ға қамалды
Фото ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық іздеуде болған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Елдос Қоспаев, Айдос Қоспаев, Айбек Қоспаев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова, Алексей Кузнецов, Ерлан Имашевтің ұсталып, сот шешімімен уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚМА мәліметінше, қылмыстық топ күш пен қоқан-лоққы қолданып, кәсіпкерлердің мүлкін басып алу, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында көлеңкелі кәсіпкерлікті жүзеге асырды деген күдікке ілінген.

Рейдерлік тәркілеу және заңсыз әрекеттерге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Бұған дейін ҚР ҰҚК арнайы операция жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 6 қыркүйекте Солтүстік Кипрден Қазақстанға Елдос Қоспаев басқарған ұйымдасқан қылмыстың топтың жеті мүшесін, оның ішінде өзін де этаппен жеткізген болатын.

Серіктес жаңалықтары