$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында 177 адам қызылша жұқтырды

Олардың басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар

Ақтөбе облысында 177 адам қызылша жұқтырды
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында 177 адам қызылша жұқтырды. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Белгілі болғандай, алғашқы жағдай ақпан айында тіркелген. Ақтөбеге ұшып келген жолаушының шетелде науқас адаммен араласқаны белгілі болды. Содан бері өңірде 251 адамнан инфекция белгілері анықталса, 177 адамның диагнозы расталды. Басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Осыған орай мамандар вирусқа қарсы екпе алу керектігін ескертіп отыр.

 «Қызылша ауруының тез таралатынын ескеретін болсақ және адамнан адамға жұғатынын ескеретін болсақ, қызылша алмаған балалар арасында, яғни қызылша ауруының өсуі күтілуде. Сол себепті біз ата-аналарға айтатынымыз, біріншіден, өз балаңыздың егу мәртебесін анықтау қажет. Екпе болмаған жағдайда емдеу мекемесіне хабарласып, қызылшаға қарсы екпені алу керек», - деді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Мұрат Мирманов.

Серіктес жаңалықтары