$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Теңізшевройл» компаниясына 2,8 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды

ЖШС-ны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсынысты Атырау Облысы Экология Департаменті жасады

«Теңізшевройл» компаниясына 2,8 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды

2023 жылы Атырау облысы бойынша экология департаментіне Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасынан​ «Теңізшевройл» ЖШС тарапынан қоршаған ортаға экологиялық рұқсатсыз эмиссияларды шығару, рұқсат етілген нормативтерден асып кету және жер бүлдіру деректері анықталғаны көрсетіліп, заң бұзушылыққа жол берген тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту ұсынылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Осыған орай, Атырау Облысы Экология Департаменті  «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328 және 337 баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, қарау үшін Жылыой аудандық сотына жолдады.

«Жылыой аудандық сотымен жоғарыда аталған істер біріктіріліп қаралып, нәтижесімен соттың 27.07.2023 жылғы қаулысымен «Теңізшевройл» ЖШС-не жалпы сомасы 2,8 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары