$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекет басшысы кинорежиссер Тимур Бекмамбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы отандық кино индустриясын жаңғырту қажет екеніне баса назар аударды

Мемлекет басшысы кинорежиссер Тимур Бекмамбетовті қабылдады

Кездесу барысында еліміздегі кинематография саласын дамыту перспективалары, креативті индустрия мамандарын оқыту, отандық киноконтенттің көлемін ұлғайтуға жағдай жасау және кинематографистерді қолдау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тимур Бекмамбетов дәстүрлі мамандық иелерін (ұстаздар, әртістер, суретшілер және тағы басқалары) цифрлық креативті индустрияға қажетті мамандықтарға қайта даярлау жөніндегі жобаны өзге елдерде жүзеге асыру тәжірибесін бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл саланың дамуына жағдай жасап, шетелдік мамандарды тартуға мүмкіндік беретін «Кинематография туралы» заңның маңызды рөлін атап өтті.

Мемлекет басшысы әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық кино индустриясын жаңғырту қажет екеніне баса назар аударды.

Серіктес жаңалықтары