Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталады
Республика бойынша жел екпіні күшейеді
«Қазгидромет» РМК 9 шілде, жексенбі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, елімізде тұрақсыз ауа райының сипаты сақталады.
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы болады деп күтіледі, жаңбыр жауады, республикамыздың оңтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, қатты жел тұрып, нөсер болады. Республикамыз бойынша жел екпін алады деп күтіледі. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», - делінген хабарламада.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда және Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.