05.07.2023, 16:20
Жаңалықтар
Вашингтонда мереке кезінде атыс болып, 9 адам жарақат алды
Вашингтонда АҚШ халқы Тәуелсіздік күнін тойлап жатқан кезде атыс болып, тоғыз адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы қала полициясы бастығының көмекшісі Лесли Парсонс Twitter-де жариялады.
Оның айтуынша, жараланғандардың арасында балалар да бар.
«Оқиға салдарынан тоғыз адам жараланды. Олардың екеуі – кәмелетке толмағандар: біреуі тоғыз жаста, екіншісі 17 жаста», - деп жазды ол.
Атыс АҚШ астанасының солтүстік-шығысында 5 шілдеге қараған түні болған. Зардап шеккендердің кейбірі ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Вашингтондағы полиция бастығының көмекшісінің айтуынша, белгісіз ер адам жол талғамайтын көлікпен келіп, Тәуелсіздік күнін тойлап жатқан көпшілікке қарата оқ жаудырған.
Көп оқылған
23.10.2026, 15:58
«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)
23.10.2026, 16:16
«Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО)
23.10.2026, 10:47
Балқаштың жерін тас-талқан етіп қазып тастаған жігіт ұзақ жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)
23.10.2026, 12:45
18 градус суық: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы суытып, қар жауады
23.10.2026, 17:43
«Өз аяғымен келсінші деп тіледім»: Әмина апа қызының зорлыққа қалай ұшырағанын айтты (ВИДЕО)
23.10.2026, 13:37
«Есімі ешқашан ұмытылмайды»: Тоқаев Назарбаевтың еңбегі жайлы айтты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды