05.05.2023, 19:10
Жаңалықтар
Алматыда мопед жүргізушісі жолаушылары бар автобусқа оқ атты
Қалалық полиция департаменті автобусқа оқ ату фактісін растады
Фото ашық дереккөзден
Бүгін Алматы қаласының Түрксіб ауданында мопед жүргізушісі жолаушылары бар автобусқа оқ атты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық полиция департаменті автобусқа оқ ату фактісін растады. Мопед жүргізушінің кім екені анықталды.
«Оқиға бүгін таңғы сағат 10:00 шамасында Алматы қаласы Түрксіб ауданында болған. Жолдағы жанжал салдарынан мопед жүргізушісі пневматикалық тапаншадан қоғамдық көліктің әйнегіне атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Зардап шеккендер жоқ. Мопедистің жеке басы анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізілуде. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары Түрксіб аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде жүргізілуде», - деп хабарлады полициядан.
Көп оқылған
23.10.2026, 15:58
«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)
23.10.2026, 10:47
Балқаштың жерін тас-талқан етіп қазып тастаған жігіт ұзақ жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)
23.10.2026, 16:16
«Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО)
23.10.2026, 09:39
«Бүгінге дейін 20 үй алатын ақшам болған шығар»: танымал актер мүшкіл жағдайын еске түсіріп, жылап қалған (ВИДЕО)
23.10.2026, 12:45
18 градус суық: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы суытып, қар жауады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды