18.04.2023, 21:52
Жаңалықтар
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Бұған дейін екі баласы болған отбасы осылайша көпбалалы отбасыға айналды
Фото ашық дереккөзден
Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тұрғыны дүниеге үш ұл бла алып келді. Жаңа туған нәрестелерге Арслан, Алихан, Асылхан деген ат қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, салмағы 1290 гр, 1230 гр және 1115 гр болған нәрестелер мерзімінен бұрын туылған.
Үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауында болған. Медицина қызметкерлері ана мен балаларына көмек көрсетті. Қазір балалардың жағдайы тұрақты.
Перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлері анасы мен нәрестелерге мықты денсаулық тілеп, үйіне шығарып салды.
Бұған дейін екі баласы болған отбасы осылайша көпбалалы отбасыға айналды.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды