Бас прокуратура тергеушілер жұмысынан көптеген заңбұзушылықты анықтады
Заңбұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізді
Қазақстанда прокурорлар жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына қатысты көптеген заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім еткендей, былтыр тергеу судьяларының қарауына ЖТӘ өткізу туралы 34637 қаулы келіп түскен, оның ішінде 32393 қаулы санкцияланды, 2244 ЖТӘ өткізуден бас тартылды.
«Соттың санкция беруден бас тартуының себептері тергеушінің тапсырмасын жасау кезінде тиісті талаптардың сақталмауы, дәлелді негіздеменің болмауы және оларды тағайындау мерзімдерінің бұзылуы болған. Биылғы бірінші тоқсанда жасырын тергеу әрекеттерін тағайындау және жүргізу кезінде заңдылықтың жай-күйін тексерумен қылмыстық қудалау органдарының қызметінде заңдылықтың бұзылуы анықталды», - деп атап өтті құзырлы орган өкілдері.
Мәселен, прокурорлар ЖТӘ тағайындау тәртібін сақтамауға, оларды жүргізудің тиісті негіздемелерінің болмауына, мерзімдерді бұзуға, сондай-ақ ЖТӘ-нің заңсыз өткізуге байланысты көптеген заңбұзушылықты анықтаған.
«ҚПК-нің 240-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеті жүргізілген адамды бұл туралы қылмыстық іс бойынша қорытынды шешім шығарылған кезден бастап алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде жасырын тергеу әрекетінің нәтижелерімен таныспай, сотқа дейінгі тергеу органы хабардар етуге тиіс», - делінген хабарламада.
Бұл ретте өзіне қатысты ЖТӘ жүргізілген адам хабарланған сәттен бастап он бес тәулік ішінде тиісті ЖТӘ жүргізуді заңсыз деп тану және келтірілген залалды өтеу туралы өтінішпен мамандандырылған тергеу сотына жүгінуге құқылы.
Соған қарамастан 227 жағдайда ҚПК-нің көрсетілген талаптарын бұзу деректері анықталды.
Бас прокуратура заңбұзушылықтар бойынша қылмыстық қудалау органдарының атына прокурорлық қадағалау актілері енгізді.