$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бірқатар аймақтарда жел күшейіп, найзағай ойнайды

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
фото ашық дереккөзден

Қазгидромет синоптиктері ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қонаев қаласында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с болады деп болжанады.

Талдықорғанда күндіз солтүстік-шығыстан 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады деп болжанады. Түнде облыстың орталығында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с дейін жетеді. Қызылордада шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болып, шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Күндіз Ақтөбе облысының орталығында, түнде өңірдің батысында,солтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Ақтөбеде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің  екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың батысында, күндіз оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан жел соғады. Ақтауда түнде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ауа райы