30.03.2023, 21:19
Жаңалықтар
Жетісу облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар табылды
Құру-жарақ Алматыдағы аңшылық дүкендерінің бірінде ұрланған
фото: ҚР ІІМ
Жетісу облысында қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған пневматикалық винтовкалар жасырылған орын табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл факт 29 наурызда Кербұлақ ауданында тіркелді. Тықпа орынды жергілікті тұрғындар Қоғалы-Шаған автожолының шетінен тауып, аудандық полицияға хабарлаған.
4,5 және 6 мм калибрлі BSA Ultra, Action sport games және BSA Us үш пневматикалық винтовка тәркіленді.
Қару 2022 жылдың қаңтарында Алматының аңшылық дүкендерінің бірінде ұрланғаны анықталды.
Қазір факт бойынша жиналған материал тәркіленген мылтықтармен бірге аталған полиция бөлімшесіне жіберілді.
Көп оқылған
23.10.2026, 15:58
«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)
23.10.2026, 16:16
«Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО)
23.10.2026, 10:47
Балқаштың жерін тас-талқан етіп қазып тастаған жігіт ұзақ жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)
23.10.2026, 12:45
18 градус суық: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы суытып, қар жауады
23.10.2026, 17:43
«Өз аяғымен келсінші деп тіледім»: Әмина апа қызының зорлыққа қалай ұшырағанын айтты (ВИДЕО)
23.10.2026, 13:37
«Есімі ешқашан ұмытылмайды»: Тоқаев Назарбаевтың еңбегі жайлы айтты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды