27.03.2023, 22:03
Жаңалықтар
Ауғанстанда СІМ ғимараты жанында жарылыс болды
Алдын ала деректерге қарағанда теракттан 6 адам қаза тапты
фото: www.aa.com.tr
Ауғанстанда СІМ ғимараты жанында жарылыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Ауғанстан астанасы Кабулда Сыртқы істер министрлігі ғимараты маңында болған жарылыстан 6 бейбіт тұрғын қаза тапты.
Кабул полициясының баспасөз хатшысы Халид Зедран журналистерге жанкештіні дипломатиялық ведомствоға баратын жолдағы блок бекетке жақындай бергенде қауіпсіздік күштері ұстағанын айтты. Сол уақытта жанкештінің денесіндегі жарылғыш зат іске қосылған.
Соның салдарынан 12 адам жарақат алды, олардың бірі бала, ал үшеуі «Талибан» қозғалысының өкілі.
Әзірге лаңкестік әрекетті ұйымдастырудың жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 16:51
Эксклюзив: топан судың астында қалған Ыстамбұлдағы қазақ студенті соңғы жағдайды баяндап берді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды