27.03.2023, 20:25
Жаңалықтар
Алматы-Өскемен тас жолында үш адам көлік апатынан мерт болды
Сонымен қатар 2 адам ауруханаға жеткізілді
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Жетісу облысының Алматы-Өскемен тас жолында Toyota Camry мен Kia Rio көліктері соқтығысып, үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Корей шетелдік көлігін 40 жастағы әйел, ал Toyota Camry көлігін 39 жастағы ер адам басқарған. Жеңіл көліктер Алматы-Өскемен тас жолының 406-шақырымында соқтығысқан, жүргізушілердің бірі рульді басқара алмай, көлік қарсы жолаққа шығып кеткен.
Жол апатынан үш адам қаза тапты, тағы екі адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.Тергеу барысында жол апатына кінәлі адам анықталады.
Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері мен тергеушілер жұмысын жалғастырып жатыр.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді