07.03.2023, 17:18
Жаңалықтар
«Ауыл» партиясынан депутаттыққа кандидаттар Атырау облысында мұнайшылармен кездесті
Кездесу Қызылқоға ауданында өтті
ҚР Парламенті Мәжілісінің «Ауыл» партиясынан депутаттығына кандидаттар И. Досқожаев, Н.Байжанов және әртүрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттар Атырау облысының Қызылқоға ауданында болып, мұнайшылармен және шаруалармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Кандидаттар кен орнында вахталық әдіс бойынша жұмыс істейтін мұнайшылармен, атап айтқанда, «Қайнармұнайгаздың» 40 құрылысшысымен кездесті.
Жұмысшылар шалғай елді мекендерде тұратын ауыл тұрғындарының балалары оқитын мектеп-интернаттың жұмысы туралы айтып, көптеген жерлерде интернаттардың мүлдем жоқ екенін атап өтті. Ауылға іргелес жатқан жолдың болмауы, тіпті бар болса да, сапасыз деген мәселелер көтерілді.
Көп оқылған
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
18.08.2026, 09:34
Астанада жасөспірім қыз бала тұрғын үйден құлап, мерт болды
18.08.2026, 09:42
Іле ауданында жер үйден шыққан жылан жұртты шошытты (ВИДЕО)
18.08.2026, 16:52
Ұлдана Мырзуанның қазасы бойынша сот отырысы: Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартты