СҚО-да ҚАЖД бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды

Қылмыстық іс бойынша тергеуді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді

СҚО-да ҚАЖД бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды
Фото ашық дереккөзден

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті СҚО бойынша ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Б.С.Биляловқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу жұмысы биылғы қаңтарда келіп түскен «2021 жылы алаяқтық жолмен ақшалай қаражатты иемдену туралы» өтініш бойынша жүргізілмек.

«СҚО бойынша ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Б.С.Биляловқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР Бас прокуратурасының ұйғарымымен бұл қылмыстық іс бойынша тергеуді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді. Тергеу бойынша жиналған материалдар осы органға жіберілді», - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат жария етілмейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.