$ 537.53  620.52  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында кандидаттар медицина қызметкерлерімен кездесті

Партия ұсынған шаралардың нәтижесі халықтың өмір сүру ұзақтығын 73,3-тен 75 жасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді

Жамбыл облысында кандидаттар медицина қызметкерлерімен кездесті

«AMANAT» партиясынан облыстық мәслихат депуттатығына үміткер Фарида Жүнісова мен Сұлтан Өсербаев Сарыкемер ауылында орналасқан орталық ауруханаға қарасты емхана қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кездесу барысында кандидаттар «AMANAT» партиясы 15 денсаулық сақтау нысанының құрылысының сапалы және уақытылы болуын айрықша назарға алатынын жеткізді. Сондай-ақ «Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылды жерлерде 30 жаңа медициналық нысан ашу үшін шаралар қабылданатынын атап өтті.

Өз кезегінде дәрігерлер ұжымы әлі күнге дейін түйіні шешілмеген бірқатар мәселелерге тоқталды. Олардың айтуынша, емханаларда білікті медициналық кадрлардың тапшылығы қолбайлау болып отыр. Кандидаттар «AMANAT» партиясы жыл сайын денсаулық сақтау ұйымында кемінде 160 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыруға көмектесіп, кемінде 38 дәрігер біліктілігін арттыру үшін жетекші шетелдік медициналық клиникаларға жіберілетінін қозғап өтті.

Жалпы, Сарыкемер ауылындағы емханада бүгінгі таңда 60-қа жуық дәрігер, 131 медбике және 16 кіші санаттағы қызметкер жұмыс істейді. Өткен жылдың соңында пайдалануға берілген нысанда медико-санитарлық көмек беріледі. Мұнда күн сайын 100-ден аса науқасқа қызмет көрсетіледі.

Айта кетейік, партия ұсынған шаралардың нәтижесі халықтың өмір сүру ұзақтығын 73,3-тен 75 жасқа дейін ұлғайтуға, денсаулық сақтау ғимараттарының тозуын 38,8 пайызға дейін төмендетуге әрі маман тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік бермек.

Жамбыл облысы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары