«Есіктен есікке»: ШҚО-да «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді
Кандидаттар кездесулер өткізіп, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдайды

Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық мәслихатқа кандидаты Қорлан Тұмабаева белсенді жастармен бірге «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» бағдарламасы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталып отыр. Денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй, құқықтық тәртіп сияқты мәселелері басымдыққа ие. Сонымен қатар әр тұрғынның пікірі мен ұсынысы назарға алынып, оның негізінде түйткілді мәселелер шешімін табатын болады. Партия бағдарламасында жыл сайын 2200 адамнан «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыстар», «Жасыл Ел» жобаларына жұмысқа орналасуды шешуді көзделген. Сондықтан «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырамыз», - деді кандидат.
Жалпы, Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларында күнделікті «Есіктен есікке» акциясы өткізіліп, тұрғындарға «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын кеңінен насихаттауда. Акция барысында кандидаттар жастармен, аға буын өкілдерімен, кәсіпкерлермен, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерімен кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдайды.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді