$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысының прокуратурасы 7 мыңнан астам баланың құқығын қорғады

Ведомствоның күш салуымен балаларды оқытуға 2 млрд 199 млн теңге қаржы бөлінді

Алматы облысының прокуратурасы 7 мыңнан астам баланың құқығын қорғады
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысының прокурорлары 7 420 баланың конституциялық құқығы мен 956 кәсіпкердің заңды мүддесін қорғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы облысының кәсіпкерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін ұйымдастыру бойынша 2 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуге мемлекеттік тапсырыс шеңберінде балабақшаларды қаржыландырудың болмауы туралы мәселені бірнеше рет көтерген болатын.

«Мәселенің өзектілігін ескере отырып, бұл мәселе облыс прокуратурасы және Кәсіпкерлер палатасымен бизнестің жүйелі проблемаларының тізіліміне енгізілген. Қалыптасқан жағдайды жергілікті атқарушы орган «Сапалы білім» ұлттық жобасының нормалары бойынша бірінші кезекте қаржыландырумен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қамтылғанын түсіндірді. Сондықтан қолданыстағы 956 жеке балабақша 2 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға Мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етілмеген. Осы себепті 2-3 жастағы балалардың едәуір саны үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру қолжетімсіз болып қалды, өйткені барлық ата-аналардың балабақшаға айына 40-тан 50 мың теңгеге дейін ақы төлеу мүмкіндігі болмаған», - делінген прокуратура хабарламасында.

Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 2 жастан 3 жасқа дейінгі 3 710 баланы тәрбиелеуге және оқытуға 2 млрд 199 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді.

«2023 жыл ішінде бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 7 420 бала үшін 4 миллиард 384 млн теңгені құрайтын болады», - делінген ведомство хабарламасында.

Осылайша, прокурорлар 7 420 баланың конституциялық құқығы мен 956 кәсіпкердің заңды мүдделерін қорғады.

Серіктес жаңалықтары