11.01.2023, 08:43
Жаңалықтар
Доллар тағы арзандады: 11 қаңтарға арналған валюта бағамы қандай
Ұлттық банк сәрсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанның Ұлттық банкі 11 қаңтарға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни сәрсенбі күні доллар бағамы тағы 1 теңгеге арзандап, 461,84 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 462,49 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,65 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 462 теңгеден сатып алынып, 466 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 463 теңгеден сатып алынып, 466 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 461,84 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 496,2 (еуро)
- RUB / KZT – 6,65 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 24,6 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 68,18 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,39 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 4,09 (өзбек сомы).
Көп оқылған
24.05.2026, 06:14
Түркиядағы туристер көп баратын аймақта жер сілкінді
24.05.2026, 08:28
«Айыппұл төлеу» туралы SMS-тен сақ болыңыз: алаяқтар қазақстандықтарды жаппай алдап жатыр
24.05.2026, 10:03
Еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
24.05.2026, 10:35
Өскеменде дүкен өртеніп, құтқарушылар жойқын жарылыстың алдын алды
24.05.2026, 11:15
Азия чемпионаты: отандастырымыз грек-рим күресінен алты медаль еншіледі