04.01.2023, 22:00
Жаңалықтар
Ауа райына байланысты республикалық жолдардың 29 учаскесі жабылды
Қазір жолдарды қардан тазалау жұмыстары жүріп жатыр
фото: egemen.kz
Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдардағы 29 учаскеде автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сағат 21.45 ақпаратқа сәйкес ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 29 учаскесі әлі де жабық. Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай және Павлодар облыстарындағы тасжолдарда қозғалысқа енгізілген шектеу сақталды», - деп көрсетті ҚазАвтоЖол ҰК баспасөз қызметі.
Тасжолдарды қардан тазалауға 400-ден астам арнайы пайдалану техникасы жұмылдырылды.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды