ШұғылCOVID-19: өткен тәулікте 1266 адамнан коронавирус анықталды

«Ла Скаланың» қойылымдары тоқтап қалды: Италияда коронавирус өршіп тұр

Миландағы белгілі «Брера» сурет галереясы да шұғыл жабылып қалды

Фото: ашық дереккөзден

Италияның Милан қаласындағы «Ла Скала» театры жексенбі күні короновирусқа байланысты барлық спектакльдерін кейінге қалдырды. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

Аймақта инфекция жұқтырғандар саны 100-ден асқаннан кейін Ломбардия облысының губернаторы Аттилио Фонтана мектептерді жауып, қоғамдық шараларды өткізуге тыйым салған. Сондықтан Миландағы белгілі «Брера» сурет галереясы да шұғыл жабылып қалды.

Италияда соңғы екі күнде коронавирус жұқтырғандар саны 132 адамға жетіп, екеуі қайтыс болған. Аурудың негізгі таралу ошақтары – елдің солүстігіндегі Ломбардия және Венето облыстары.

Алдында итальяндық модельер Джорджо Армани вирус әсерінен Миландағы сән апталығын жабық түрде өткізуге мәжбүр болған. Венеция карнавалы да жоспарланғаннан екі күн бұрын аяқталып қалды.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан