Атырауда әйелі мен қызын өртемек болған ер адамның отбасы «Аналар үйіне» орналастырылды
Қазір полицейлер оқиға орнынан қашып кеткен азаматты іздестіріп жатыр
Атырауда үйінде жанжал шығарып үйін өртемек болған ер адамның отбасы «Аналар үйіне» орналастырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
22 желтоқсан күні уақыт 21:12 шамасында әйел адам полицияға хабарласып, жолдасы мас күйінде үйдің есігін бұзып кіріп, үшкір затпен қорқытып жатқаны жөнінде хабарлама берген. Аталған мекен-жайға дереу жеткен Батыс-58 экипажы үйдің ішінен түтін шығып жатқанын байқап, жедел түрде әрекет етумен әйел мен оның 4 жастағы баласын қауіпсіз жерге шығарып, өртті ауыздықтайды.
Ал мас күйде келіп, әйелін қорқытып, үйді өртке ораған ер азамат жанжал үстінде полиция қызметкерлері келгенше оқиға орнынан қашып кеткен. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері әйел мен оның қызын «Аналар үйіне» орналастырды. Қазір ер азаматқа қатысты жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр.