11.12.2022, 13:43
Жаңалықтар
Қарағандыда жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 3 адам зардап шекті
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Фото ашық дереккөзден
Қарағандыда жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, 9 желтоқсанда сағат 12.19-да Петрозаводская көшесіндегі Бөкейханов атындағы ауданда өрт шыққаны туралы ақпарат түскен.
"Тұрмыстық газ баллонынан (50 литр) газ-ауа қоспасы шығып, 70 шаршы метр аумақта өрт тұтанған. Өрт сағат 13.07-де сөндірілді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, департамент өрт салдарынан күйік шалып 1952 жылы туған ер адам, 1953 жылы туған әйел және 8 жастағы бала ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)
08.10.2026, 21:27
Непал мен Тибетте жоғалған қазақстандықтар туралы тың мәлімет шықты