$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ЕҚЫҰ Ресейдің Украинаға қарсы соғысын айыптады

ЕҚЫҰ отырысында адамзатқа қауіп төндіреді деген мәселелер қаралды

ЕҚЫҰ Ресейдің Украинаға қарсы соғысын айыптады
Фото: Associated Press

ЕҚЫҰ – континентте бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін құрылған Еуропадағы ең ірі қауіпсіздік ұйымы – бейсенбі күнгі отырысында Ресейдің Украинаға қарсы соғысын айыптады. Бұл қақтығыс ЕҚЫҰ-ның жарты ғасырға жуық өмір сүруіндегі ең маңызды мәселелерінің бірі болды деген баға берілді, деп хабарлайды Azattyq Ryhy тілшісі Еуроньюс агенттігіне сілтеме жасап.

«Агрессия қылмысы, адамзатқа қарсы әскери қылмыс және геноцид үшін жауап беретіндер абсолютті жауапкершілікке тартылуы керек. Тек осылай ғана біз Еуропадағы бейбітшілікті қалпына келтіріп, болашақта агрессияның алдын аламыз», - деді Польша президенті, ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Анджей Дуда.

Лодзь қаласында өткен кездесуге Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров қатысқан жоқ. Польша оған елге кіруге тыйым салды.

Лавров Батысты сынға алды. Дипломаттың айтуынша, Батыс Украинаға көмектесу арқылы Ресейдің соғыс майданында жеңілуін қалайтынын, тіпті «Ресейді жоюды мақсат тұтатынын» көрсетеді.

ЕҚЫҰ елдерінің дипломатиялық ведомстволары басшыларының кездесуі жұмада аяқталады. Отырыста адам саудасы, жаһандық жылыну, таулы аймақтардағы қауіпсіздік сияқты тақырыптар бойынша панельдік пікірталастар өтеді.

Серіктес жаңалықтары