Жамбыл облысында 7 мыңға жуық тұрғын вирустық инфекция жұқтырған

Azattyq Rýhy

Бұл былтырмен салыстырғанда үш есе көп

Жамбыл облысында 7 мыңға жуық тұрғын вирустық инфекция жұқтырған
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында 7 мыңға жуық тұрғын вирустық инфекция жұқтырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Өткен жылдың эпидемиологиялық маусымы кезінде 2000-ға жуық адам тіркелген еді. Себебі бұған дейінгі жылдары пандемияға байланысты шектеу шаралары болды. Биыл 14 жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтырғандар көп. Дәрігерлер инфекцияның кең таралуын шетел азаматтарының көбеюімен де байланыстырып отыр. Сондықтан дер кезінде екпе алу керектігін ескертеді.

«Осы уақытқа дейін оның қарсы көрсеткіші болған емес. Осы уақытқа дейін оның асқыну түрлерін көрген емеспіз. Сонымен қатар кішкентай балаларды да ата-аналары екпеден бас тартып жатады ғой. Ол дұрыс емес. Қазіргі комплекстің ішінде пневмококты инфекцияға қарсы вакциналар бар. Яғни сол вакциналарды алған балалардың көбінесе пневмонияға, тұмауға төзімділігі жоғары болады», - деді №5 қалалық Емхананың бас дәрігерінің орынбасары Перизат Маханова.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.