$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сенат төрағасы: Конституциялық реформа Қазақстан тарихында жаңа дәуір басталғанын айқындайды

Сенат төрағасы: Конституциялық реформа Қазақстан тарихында жаңа дәуір басталғанын айқындайды
Фото: ОКҚ

Конституциялық реформа Қазақстан тарихында жаңа дәуір басталғанын айқындайды. Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев маусым айында өткен республикалық референдумның нәтижесін іске асыру үшін қабылданған бірқатар заңға жария түрде қол қойды. Олардың қатарында «Конституциялық Сот туралы», «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «Прокуратура туралы» сияқты конституциялық заңдар бар.

«Осылайша билік тармақтары арасындағы байланыстың жаңа үлгісін қалыптастыруға және мемлекет басқару ісіне азаматтардың қатысуына жол ашуға мүмкіндіктер туып отыр. Сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесі нығая түсті», - деді Сенат спикері.

Президентіміз атап өткендей, конституциялық реформа Қазақстан тарихында жаңа дәуір басталғанын айқындайды. Бұл қадамдар соңғы үш жылдағы саяси өзгерістерді орнықтырып, мемлекетімізді одан әрі нығайту үшін мықты негіз қалады.

«Шын мәнінде, бүгін қол қойылған заңдар Әділетті Қазақстан құрудың берік құқықтық іргетасы екені сөзсіз. Алдағы уақытта Парламент Сенаты әділеттілік қағидатына табан тірей отырып, заңнамалық жұмыстарды жалғастыра береді», - деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Серіктес жаңалықтары