$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Экс-премьер-министр Серік Ахметов қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді

Ол 2017 жылы бостандыққа шыққаннан кейін алғаш рет сұхбат берді

Экс-премьер-министр Серік Ахметов қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді

Билік пен Президенттің қаңтар оқиғасына қатысты жасаған рақымшылығы үлкен адами әрекеттің көрінісі. Бұл туралы экс-премьер-министр Серік Ахметов белгілі қоғам белсендісі Денис Кривошеевке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

2017 жылы бостандыққа шыққан бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов алғаш рет БАҚ өкіліне сұхбат берді. Krivosheev.live телеграм каналындағы бейнежазбаның үзіндісінде Ахметов қаңтар оқиғасына қатысты пікір бөлісті.

«Президент Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысты нақты ұсынысын айтты.  Кінәлілер, тонаушылар, қарақшылар жазалануы керек. Олардың әрекетін батырлыққа теңеудің қажеті жоқ. Сол күндері арандатушылардың соңынан еріп, олардың ізімен жүргендер рақымшылыққа ілінді. Өйткені Президент арандатушы топтың арбауына түскендердің көбі жастар екенін нақты айтты. Осылайша олар қылмыстық қудалаудан босатылады. Менің ойымша, бұл биліктің және Президенттің жеке басының үлкен адами әрекеті, ол қаңтар оқиғасына қатысты толық бағасын берді және сот тиісті шешім қабылдайды деп ойлаймын», - деді Серік Ахметов.

Сондай-ақ бұрынғы Үкімет басшысы Президент Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру үшін Мемлекет басшысының жанындағыларға тыңғылықты жұмыс істеу керектігін айтты.

«Олар өздеріне жүктелген жауапкершілікті ескере отырып, бүгінде Президенттің жанында болуы тиіс. Президент міндеттеген маңызды реформалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруы керек. Қоғамдағы қараңғылықты жою үшін олар шынымен де оттай жанып еңбектенуі керек. Қазақстан көркейіп, халық қолдауды сезінуі керек», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары