$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбден қарағандылықтармен кездесті

Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау 20 қараша күні өтеді

ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбден қарағандылықтармен кездесті

Қарақат Әбденнің сайлауалды штабы ел аймақтарын аралап, үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде. 24 қазан күні ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбден еліміздің индустриялық орталығы – Қарағанды қаласының сайлаушыларымен кездесу өткізді.

Қарағанды қаласының «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығында ұйымдастырылған кездесу барысында үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кездесуге Қарағанды облысынан 100-ге жуық көпбалалы ана келді. Тұрғындар отбасы құндылықтарына қатысты мәселелерді көтеріп, рухани, мәдени-әлеуметтік даму төңірегінде сұрақ қойып, нақты өтініштері мен ұсыныстарын айтты. Қарақат Әбден өзі де көп балалы ана ретінде қазақ отбасыларының мәселелерімен жақсы таныс екендігін жеткізді.

«Бүгінгі кездесуде президенттікке үміткер Қарақат Әбденмен қоғамдағы өзекті мәселелерді талқыладық. Жиында көтерілген маңызды сұрақтардың барлығы Қарақат Әбденнің бағдарламасында көрініс тапқаны бізге ұнады. Өзіміздей көпбалалы әрі ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген өзіміздей ананың президенттікке үміткер болып, ел болашағы үшін еңбек етіп жүргені – біз үшін үлкен қуаныш», - деп бөлісті көп балалы аналардың бірі Сандуғаш Құлмақова.

Сайлауалды штабының баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұдан бұрын Қарақат Әбден Астана маңындағы Қосшы қаласы мен Қоянды ауылының тұрғындарымен кездесу өткізген.

Еске салсақ, Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау 20 қараша күні өтеді.

Серіктес жаңалықтары