Сот Әлтаевтың кандидатурасы туралы хаттаманы жарамсыз деп таныды
Шешім заңды күшіне әлі енген жоқ
Астана қаласы Байқоңыр ауданының соты қоғамдық бірлестіктің Нұржан Әлтаевтың хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Сотта анықталғандай, іс жүзінде жалпы жиналыста Нұржан Әлтаевтың кандидатурасын 6 адам қолдап, 11 адам қарсы дауыс берген.
«Осылайша, жалпы жиналыс барысында ӨҚБ мүшелерінің көпшілігі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына «Мұқалмас» бірлестігі атынан кандидат ретінде Әлтаевты ұсынуға қарсы дауыс берді», - делінген қаулыда.
Бұған дейін хабарланғандай, «Мұқалмас» өңірлік қоғамдық бірлестігі сот арқылы Әлтаевтың кандидатурасын жарамсыз деп тануды талап етті.
7 қазанда бұрынғы вице-министр Нұржан Әлтаев ОСК-ға күмәнді құжат тапсырған. Одан кейін ОСК Әлтаевтың «Мұқалмас» ӨҚБ отырысының хаттамасынан үзінді көшірме бергенін, одан кейін комиссияға бірлестік филиалдары басшыларынан хаттаманың бұрмаланғаны туралы мәлімдемелер де келіп түскенін хабарлады.
11 қазанда Нұржан Әлтаевтың мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны белгілі болды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот ҮЕҰ жалпы жиналысының хаттамасын жарамсыз деп таныды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.