$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады – ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

СҚО-да жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады – ауа райы болжамы
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан бойынша 2022 жылғы 24-26 қыркүйектегі ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктердің хабарлауынша солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның батыс өңірлеріне әсер етеді, содан кейін шығыс бағытта жылжып, елдің қалған аумағынада әсерін тигізеді, жаңбыр жауады.

«25 қыркүйекте батыста, 26 қыркүйекте солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және бұршақ күтіледі. Келесі аптаның басында Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбырдың соңы қарға ұласады). Қазақстанның оңтүстік-шығысында тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр жауады.

Ауа температурасы күндіз елдің батысында 22-33-тен 9-22-ге дейін, солтүстік-батыста 25-32-ден 10-23-ке дейін, солтүстікте 23-30-дан 5-20-ға дейін, орталықта 22-32-ден 20-28-ге дейін, Қызылорда облысында 30-35-тен 17-25-ке дейін төмендеуі болжанады. Елдің оңтүстік-шығысы мен қиыр оңтүстігінде ауа температурасы 25-35 жыл шамасында сақталады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары