20.09.2022, 05:52
Жаңалықтар
Қарағанды облысында жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соғысып, 4 адам қайтыс болды
Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды
polisia.kz
Қарағанды облысында жол-көлік апатынан 4 адам қаза болды, деп хабарлайды Рolisia.kz.
19 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында Ақтоғай ауданымен өтетін «Алматы – Екатеринбург» тасжолында, Сарышаған кентінен 30 шақырым жерде МАЗ жүк көлігі мен ПАЗ жолаушылар автобусы соқтығысты.
«Апат салдарынан екі автокөліктің жүргізушісі мен автобустың бір жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапса, автобустың тағы бір жолаушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 11 жолаушы болды. Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - делінген полиция мәліметінде.
Көп оқылған
16.07.2026, 10:24
«Айналымы – 200 млрд теңге»: Қырғызстаннан Қазақстанға заңсыз темекі тасыған қылмыстық топтың «көкесі» лауазымды шенеунік болған
16.07.2026, 17:00
Бектенов өртеніп жатқан «Семей орманына» Шыңғыс Әрінов пен Ерлан Нысанбаевты шұғыл аттандырды
16.07.2026, 06:29
Павлодарда алаяқтарға алданған ерлі-зайыпты зейнеткер банк бөлімшесін жарып жіберді (ВИДЕО)
16.07.2026, 16:33
Air Astana күзге дейін Дубайға қатынайтын рейстерін тоқтатты