Ақорда Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгерту туралы бастамаға пікір білдірді
Руслан Желдібай аталған бастамадан Президенттің хабардар екенін жетізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгерту туралы бастамаға пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Президенттің баспасөз хатшысы аталған бастамадан Қасым-Жомарт Тоқаевтың хабардар екенін жетізді.
«Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді», - деді Руслан Желдібай Facebook-парақшасында.
Оның айуынша, Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент атындағы басқа нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс деп санайды.
«Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс», - деп жазды Р. Желдібай.