31.08.2022, 17:22
Жаңалықтар
Көкшетауда 5 жасар бала 4-қабаттағы терезеден құлап кетті
Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталуда
Фото ашық дереккөзден
Көкшетауда 5 жасар бала 4-қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қаласының Полиция басқармасына жедел жәрдем фельдшерінен 30 тамызда облыс орталығында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы терезеден 5 жасар баланың құлап кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталуда.
«Айта кету керек, терезеден құлау балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып саналады, әсіресе қалаларда. Балалар қызық көріп ашық терезеге шығып жатады. Баланы құлап кетуден қорғау үшін қысқыштарды қолдану керек», – деп еске салады полиция қызметкерлері.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
Бүгін, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 06:18
«Ақша бопсалаған»: Алматыда екі жасөспірім қаза тапқан төбелеске қатысты сот өтіп жатыр
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды
11.10.2026, 11:45
Шымкентте ТЖМ қызметкерлері 3 жасар баланы құтқарды