$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда әскери қызметші қайтыс болды

Қайғылы оқиға Төтенше жағдайлар министрлігінің 52 859 әскери бөлімінде болған

Қарағандыда әскери қызметші қайтыс болды
фото: kyn.kz

Қарағандыдағы әскери бөлімде мерзімді қызметтегі 24 жастағы әскери қызметші қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Patriotnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сарбаз сапта кетіп бара жатып аяқ астынан құлаған. Жүрегі кенеттен тоқтап қалған.

Медициналық бекет дәрігерлері дереу көмек көрсетті, жедел жәрдем қызметін шақырады. Алайда оны құтқара алмады.

Болжам бойынша, сарбаз өліміне панкреонекроз себеп болуы мүмкін.

«Әскери қызметшінің есімі Елсұлтан. Ол денсаулығына ешқашан шағымданған емес. Жыл сайын медициналық тексеруден өтті. Биыл 30 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында медициналық тексеруден өтуі тиіс болатын. Сол күні оның көңіл-күйі жақсы болды, тәжірибелік сабақтарға қатысты», – деді әскери бөлімнің командирі Жанат Омаров.

Бұл іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары