26.08.2022, 14:12
Жаңалықтар
Қазпошта 28 тамыздан бастап жұмыс істемейді
Компания туындаған қолайсыздық үшін клиенттерден кешірім сұрайды
Фото: ашық дереккөзден
«Қазпошта» АҚ жоспарлы техникалық жұмысқа байланысты 3 күн қызмет көрсетуді тоқтатады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жоспарға сай жүріп жатқан техникалық жұмыстарға байланысты Нұр-Сұлтан уақытымен 2022 жылдың 28 тамызы сағат 00:00-ден 2022 жылдың 31 тамыз күнгі сағат 08:00-ге дейін «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, постаматтарда, терминалдарда, «Касса24» терминалдарында, post.kz, postbank.kz сайттарында пошта және қаржы қызметтерінің барлық түрі жұмысын тоқтатады. Егер «Қазпошта» АҚ қызметтерін алатын болсаңыз, алдын ала жоспарлаңыз», - делінген хабарламада.
«Қазпошта» АҚ туындаған қолайсыздық үшін клиенттерден кешірім сұрайды.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 07:17
Тұман, шаңды дауыл, үсік: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды