$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Киевте Украинаның Тәуелсіздік күніне байланысты өтетін шаралары кейінге қалды

Ел астанасында ресейлік зымырандық шабуылдардың қайталануы мүмкін деген қауіп бар

Киевте Украинаның Тәуелсіздік күніне байланысты өтетін шаралары кейінге қалды
Фото: Global Look Press/Kay Nietfeld

Соңғы күндері ресейлік шабуылдың күшеюінен қауіптенген Украина қалалары елдің Тәуелсіздік күніне байланысты өтетін іс-шараларға шектеу қоя бастады, деп хабарайды Azattyq Ruhy тілшісі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Осыған байланысты АҚШ Мемлекеттік департаменті дүйсенбі күні қауіпсіздік туралы ескерту жариялап, Ресей алдағы күндері Украинадағы азаматтық және үкіметтік нысандарға соққы беруді жоспарлап отыр деп ескертті.

Киевтегі АҚШ елшілігі Украинада жүрген америкалық азаматтарды елден дереу кетуге шақырды.

Киев дүйсенбіден бейсенбіге дейін мерекеге байланысты қоғамдық шараларға тыйым салды. Ел астанасында ресейлік зымырандық шабуылдардың қайталануы мүмкін деген қауіп бар.

Бұған қоса, басқа өңірлер де сақтық шараларына қамданып жатыр. Артиллерия мен зымыран атқылауына жиі ұшырайтын солтүстік-шығыстағы Харьков қаласында мэр Ихор Терехов сейсенбі мен бейсенбі күндері аралығында сағат 16.00-ден таңғы 7.00-ге дейін жұмыс істейтін түнгі коменданттық сағатты ұзарту туралы хабарлады. Елдің оңтүстігіндегі Ресей бақылауындағы аумаққа жақын орналасқан Николаев портында да коменданттық сағат енгізілді. Аймақ губернаторы Виталий Ким тұрғындарға сейсенбі және сәрсенбі күндері үйден жұмыс істеуге бұйрық беру жоспарланып отырғанын айтып, адамдарды үлкен жиындарға жиналмауға шақырды.

Фото: bbc.com

Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеу Тәуелсіздік күні қарсаңында «қатал әрекет етуі мүмкін» екенін ескертті.

Украинаның Тәуелсіздік күні 24 тамызда аталып өтіледі және дәл сол күні Ресейдің Украинаға басып кіргеніне тура алты ай болды.

Украиналықтар бұл мерекені Кеңес өкіметі билігінен азат болған күн ретінде атап өтеді.

 ЖАҺАНДЫҚ ҚЫРЫМ ПЛАТФОРМАСЫ САММИТІ ӨТТІ

«Қырым Украинаға қайтарылуы керек» деді Жаһандық Қырым платформасы саммитіне қатысушылар. Киевтің бұл сыртқы саяси бастамасы биыл екінші жыл қатарынан өтті. Қатысушылар саны алдыңғы жылмен салыстарғанда әлдеқайда көп. Қауіпсіздік мақсатында талқылаулар онлайн режимде өтті.

«Бұл Қырымнан басталды және Қырыммен аяқталады. Мен 100% сенемін. Терроризмді жеңу үшін, біздің аймақта, Еуропада, бүкіл әлемде қауіпсіздікті қалпына келтіру үшін жеңіске жету керек. Ресей агрессиясына қарсы күресте жеңіске жету үшін Қырымды оккупациядан босату қажет», - деді Украина президенті Владимир Зеленский.

Қырым платформасы саммитіне биыл 60-қа жуық мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдерін жинады. Олардың арасында НАТО-ның барлық 30 мүшесі және Альянстың өкілдері, 40-тан аса мемлекет басшылары мен премьер-министрлер бар.

«Біз Қырым мен Севастопольді Ресей Федерациясының заңсыз аннексиялауын ешқашан мойындамаймыз. Бізді Қырым түбегіндегі адам құқықтарының бұзылуы: адамдардың жоғалып кетуі, азаптау, өлім, Қырым татарларының қудалауы алаңдатады», - деді Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен.

Фото: AP

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг өз сөзінде Украинаның егемен, тәуелсіз мемлекет ретінде аман қалуы үшін ұзақмерзімді перспективада Украинаға қолдау көрсету керек екенін айтты.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қырымды Украинаға қайтаруды «халықаралық құқық талабы» деп атап, Франция президенті Эммануэль Макрон «енді Ресеймен ешқандай ымыраға келу мүмкін емес» екенін жеткізді.

АҚШ БҰҰ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНДЕ: РЕСЕЙ ӘЛЕМДІ ЯДРОЛЫҚ АПАТҚА ИТЕРМЕЛЕП ОТЫР

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісінің орынбасары Ричард Миллс Ресейдің Запорожье атом электр стансасын соғысқа трамплин ретінде пайдаланып, әлемді ядролық апаттың шегіне жеткізетінін айтты.

«Қазір Украина, көршілес мемлекеттер, бүкіл халықаралық қауымдастық ядролық Холокост қаупі астында өмір сүріп жатыр», - деді Миллс сейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында.

Оның айтуынша, ядролық қарудың шетін шығарған Ресей және оны тек Ресей ғана жоя алады.

Reuters агенттігінің жазуынша, Миллс «Ресей соғысты тоқтатып, әскерін Украинадан шығаруы керек» екенін айтты.

«Қазіргі жағдайдың өзектілігін ескере отырып, жағдай ушығып кетпей тұрғанда Ресей БҰҰ хатшысының ұсынысын дереу орындауы тиіс», - деді Ричард Миллс.

ЗАПОРОЖЬЕ АТОМ СТАНЦИЯСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛМЕК

Ұлыбритания, Франция, Германия және АҚШ мемлекеттері Украинадағы қақтығыс салдарынан қауіп төнген ядролық қондырғылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет деп есептейді. Бұл мәселе Ұлыбританияның Борис Джонсон, АҚШ президенті Джо Байден, оның француз әріптесі Эммануэль Макрон және Германия канцлері Олаф Шольцтың қатысуымен өткен конференцияда талқыланды.

Жиын соңында мемлекет басшылары Украинаның оңтүстігіндегі Ресей бақылауына алған Запорожье атом электр станциясының төңірегін әскери ұстамдылыққа шақырды, бұл жерде ұрыс қайта жанданса, 1986 жылы орын алған Чернобыль апатынан да ауыр апат болуы мүмкін.

Белгілі болғандай, көшбасшылар жұма күні Ресей президенті Владимир Путин мақұлдаған келісімді құптады. Бұл құжат БҰҰ инспекторларына алдағы уақытта зауытқа баруға мүмкіндік береді.

Соңғы күндері Қырымда бірнеше ұшақтың соққысы тіркелді, оның ішінде бейсенбіде Севастополь маңындағы авиабазаға, жұма күні тағы бірі айлаққа соққы берілген.

Айдың басында Қырымның батыс жағалауындағы ресейлік әскери базада тоғыз ресейлік ұшақ жойылды.

Фото: bbc.com

 

Серіктес жаңалықтары