Қазақстанда ҰҚШҰ әскерлерінің штабтық жаттығулары өтеді
Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлім етті
Қазақстанда ҰҚШҰ әскерлерінің штабтық жаттығулары өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы күштерінің оқу-жаттығулары Қазақстан мен Беларусь елдерінде өтетін болды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлім етті.
«Скала-2023» және «Скала-2024» штабтық жаттығуларын Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасында өткізу туралы шешім қабылданды», - делінген ҰҚШҰ хабарламасында.
Аталған шешім ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің 13-ші отырысында қабылданды.
«Отырысқа қатысушылар «Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы 2023 жылға арналған ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі іс-шаралар жоспарын тыңдап, бекітті», делінген хабарламада.
Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан төтенше жағдайлар департаменттері басшыларының кеңесі 18 тамызда Мәскеуде өтті.