Максим Споткай: Ресей мен Қазақстанда тұратын орыстардың менталитеті екі бөлек

Azattyq Rýhy

Екі елдегі орыс халқының менталитеті бөлек екенін айтты

Максим Споткай: Ресей мен Қазақстанда тұратын орыстардың менталитеті екі бөлек

ҚР Парламенті Сенаты аппарат басшысының орынбасары, қоғам белсендісі Максим Споткай «Қазақ бол» YouTube-арнасына қатысып, Қазақстан мен Ресей елдерінде тұратын орыс ұлтын салыстырып өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Максим Споткай ұлты орыс болғанмен ішкі әлемінде өзін қазақ деп санайтынын айтты.

«Меніңше, біз бәріміз қазақпыз. Бұл месседжді сынауға болар. Бірақ менталитетімізге, көзқарасымызға, дүниетанымымызға қарасақ, біз бәріміз қазақпыз. Өзім Ресейде оқып келдім. Байқағаным, Ресейде тұратын орыстар мен Қазақстандағы орыс ұлты – бір халық емес. Себебі тіліміз, менталитетіміз басқа. Түр-әлпетіміз ұқсағанмен, жан-дүниеміз екі бөлек», - дейді ол.

Максим Споткай сөзін жалғай отырып, Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері қазақтың салт-дәстүрін ұстанатынын айрықша қозғап өтті.

«Қазақстанда тұратын орыс, украин ұлттары көбіне қазақтың салт-дәстүрін ұстанып жатады. Оны тұсаукесер, той жасау кезінде байқаймын. Сол себепті түріміз бөлек болғанмен, бәріміздің ішкі жан-дүниеміз бір», - дейді Максим Споткай.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.