11.08.2022, 22:52
Жаңалықтар
Қазақстандық туристер Доминикан Республикасына 2 айға визасыз бара алады
Екі елдің Сыртқы істер министрліктері келісім жобасын жариялады
Фото ашық дереккөзден
Қазақстандық туристер енді Доминикан Республикасына 2 айға визасыз бара алады. Екі елдің Сыртқы істер министрліктерінің келісім жобасы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жарамды жол жүру құжаттары бар ҚР азаматынан Доминикан Республикасына 60 күннен аспайтын уақытқа бір немесе бірнеше рет барғанда, транзитпен өткенде және уақытша болған кезде визалық талаптар сұралмайды. Аталған ел аумағында болған кезінде өзінің құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматы сол мемлекеттегі Қазақстан елшілігіне немесе консулдық бөлімшелеріне барып, өкілдіктер ұсынған уақытша құжат арқылы Доминикан аумағынан тыс жерлерге шыға алады», - делінген қаулыда.
Көп оқылған
23.10.2026, 15:58
«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)
23.10.2026, 16:16
«Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО)
23.10.2026, 10:47
Балқаштың жерін тас-талқан етіп қазып тастаған жігіт ұзақ жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)
23.10.2026, 12:45
18 градус суық: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы суытып, қар жауады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды